Таразда тағы бір Бауыржан Момышұлы өсіп келеді

Қазақ қасиетке бас иген текті халық. Сондықтан, белгілі азаматтардың есімін кішкентай сәбиіне қойып, перзентінің болашағынан үлкен үміт күтетіні бекер емес. «Жақсы сөз – жарым ырыс, жақсы кәсіп – анық ырыс», – деген. Жақында Тараз қаласында үш жастағы Бауыржан Момышұлы есімді бүлдіршін өсіп келе жатқанын естіп, аталған шаңыраққа жеткенше асықтық.
Кішкентай Бауыржан Момышұлының есімін нағашы апасы Забира Алмасқызы қойыпты. Балаға жақсы есім қою сол перзентке де ерекше әсер ететін секілді. Бауыржан қазіргі таңда Тараз қаласындағы «Ақ мирас» балабақшасына барып жүр. Бірнеше тақпақ, өлеңдерді жатқа айтып, сурет салуға да бейімін байқатуда. Бала болған соң, ойын барысында қазақ күресіне де икемді екенін аңғартып жүр. Нағашы апасы Забира Алмасқызы:
Бүлдіршін Бауыржан отбасында үш бауырдың ортаншысы. Ағасының есімі – Нұрбақыт. Нұрбақыттың есімін өз атасы Тұрархан қойыпты. Одан соң – Бауыржан, кішілерінің есімі – Ақжүрек. Қазір бір жастағы кіші баласының есімін Ақжүрек деп әкесі Момыш қойған. Байқап қарасаңыз, бұл әулет перзенттерінің есімін қою сәтіне жауапкершілікпен қарайды. Атасының есімі Тұрархан болуы да бекер емес. Әйтеуір бір есімді қоя салмай, мән береді. Мәселен, Нұрбақыт та, Ақжүрек те – Олимпиада жүлдегерлерінің есімі. Көрдіңіз бе, ерекше мән беретіні байқалады. Ал, тұрмыстық техникаларды жөндеу шебері болып еңбек ететін Момыш Тұрархан:
Бауыржан – Тараз қаласындағы мыңдаған бүлдіршіннің бірі. Өзіне сондай жақсы есім қойылып, салмақ артылғанын әзірге сезіне қоймағаны анық. Дегенмен, тағдырдың қалауымен әйгілі батырға есімі де, тегі де үйлескен кішкентай Бауыржан Момышұлына болашағы жарқын, нұрлы, нәсіпке толы болғай дейміз.
Есет ДОСАЛЫ
Тараз қаласы