Әлеумет

Жастар үшін жүйелі кеңес

The final spritzer

Биылғы жұмысшы мамандықтары жылында облыстық еңбек мобильдігі орталығы да жұмыссыз азаматтарды еңбекке тартуды ерекше қолға алған. Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» орталығында Тараз қалалық «Мансап» орталығы ұйымдастырған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі қарапайым еңбек адамдарын дәріптеп, жұмысшы мамандықтарын насихаттауға арналды.

Жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруды, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауды мақсат еткен жәрмеңкеге қала аумағындағы тұрақты жұмысқа 30 жұмыс берушіден 152 бос жұмыс орындары ұсынылды. Оның ішінде 63-і жұмысшы мамандықтары бойынша жұмыс орындары. Жәрмеңкеге келушілерге «Мансап» орталығының мамандары кадрлар даярлау сапасын арттыруға, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды нығайтуға және жастарды жұмысшы мамандықтарын таңдауға ынталандыру мақсатында кеңес берді.

Осы уақытта облыстың барлық аудан орталықтарында да дәл осындай жұмыс жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА