Аймақ

Үздік қабылдау бөлмесі – Байзақта

The final spritzer

Жақында Amanat партиясының «Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» республикалық байқауы бастау алған болатын. Осыған сәйкес, партияның облыстық филиалында «Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» байқауы өтіп, бәсекеге он аудандық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмелері қатысты.

Байқау барысында арнайы құрылған комиссия қабылдау бөлмелерінің азаматтарды жеке қабылдауын, «Құқықтық көмек» партиялық жобасын сапалы іске асыру барысын және фракция мүшелерінің белсенділігін бағалады.

Байқау нәтижесінде екінші орынды Жамбыл аудандық филиалы иеленсе, үшінші орынға Шу аудандық филиалы лайық деп танылды. Ал бірінші орынды Байзақ аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі жеңіп алды. Енді бұл филиал алдағы уақытта республикалық байқауда өңір намысын қорғайтын болады. Байқау жеңімпазы атанған Байзақ аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі былтыр барлығы 97 қабылдау өткізіп, онда түскен 224 өтініштің 195-і оң шешімін тапқан, ал 73 өтініш бойынша заң аясында толыққанды түсініктеме берілген. Қабылдауларда тұрғындар негізінен тұрғын үй мәселесін, әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларының жұмысын, сонымен қатар азаматтардың жұмысқа орналасу жайын көтерген. Өткен жылы аудан әкімі мен орынбасарларының 17 қабылдауында 69 өтініш түсіп, оның жартысынан астамы оң шешілген болса, партия аудандық филиалы төрағасы өткізген 6 қабылдауда 14 өтініштің 9-ы оң шешімін тапқан. Сондай-ақ, Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова өткізген қабылдауда байзақтық азаматтардың тарапынан айтылған 3 өтініштің үшеуі де оң шешімін тапты. Ал, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері өткізген 48 қабылдауда тіркелген 98 өтініштің 59-ы оң шешімін тапқан. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің тиісті бөлім басшылары жыл ішінде 19 қабылдау өткізіп, ондағы 28 өтініштің 12-сі оң шешілген.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП