Жаңалықтар

Субсидия заң аясында берілуі керек

The final spritzer

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес» деген еді. Ауыл шаруашылығы экономиканың драйвері ғана емес, халық денсаулығын қорғауда қауіпсіз тамақтануда да атқарар рөлі елеулі. Мұны әлемдік пандемия кезінде айқын көрдік. Жаппай жайлаған індеттен қорғану үшін және ағзадағы иммунитетті көтеріп, дертке дауа болу мақсатында қымыз, шұбат, шипалы жеміс-жидек, көкөніске сұраныс ерекше артқаны есте. Бұл жағынан қарастырсақ, біздің аймақ егін егіп, мал бағуға табиғаты қолайлы, топырағы құнарлы. Сол себепті де облысымыз аграрлы аймақ болып саналады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруаларына қолдау аз емес, әйткенмен ортада пысықтық танытатын делдалдардың, солардың арасында ақшаға құныққаннан алаяқтыққа баратын теріс пиғылдылардың кесірінен бөлінген қаржы диқан мен малшының өзіне жете бермейтін көрінеді. Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізген тексерістерде ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияны жымқыру деректері анықталыпты.