Көркем шығармалардағы еңбек адамдары дәріптелді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялауы – еңбеккерлерге үлкен қуаныш сыйлап отыр. Осыған орай, Абай атындағы Тараз қалалық орталықтандырылған кітапханасында «Адал еңбек – құрметке лайық» атты пікір алмасу өтті.
Іс-шараға өңіріміздегі іргелі кәсіпорындардың бірі «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еселі еңбек етіп келе жатқан «Минералды тыңайтқыштар» зауыты филиалының «Аммофос-2» цехының абсорбация аппаратшысы Нұрбол Исанов, осы цехтың булану аппаратшысы Нұржан Ахметжанов қатысып, өз міндеттерін сапалы атқаруда жауапкершілікті терең сезініп, ауыл шаруашылығына арналған минералды тыңайтқыштар шығаратын цехтың жұмысымен жақынырақ таныстырды.
Сонымен бірге, кітапхана оқырмандары тарапынан қойылған еңбек жолындағы жетістіктері мен отбасы туралы да әңгімелеп берді.
Нұржан Мәлікұлы:
Кітапхана ұжымы ұйымдастырған «Жұмысшы – мерейлі мамандық» атты кітап көрмесіндегі қазіргі таңдағы сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарына арналған әдебиеттермен кітапхана қызметкерлері жақынырақ таныстырды.
Аталған кітапхананың кітапханашысы Гүлнұр Нүрпейісова:
Іс-шара соңында кітапхана директоры Ұлбосын Сәулебаева кеш қонақтарына алғыс білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.
Есет ДОСАЛЫ