Жаңа қоғамдық көліктер пайдалануға берілді

Тараз қаласында жыл санап қоғамдық көлік парктері жаңарып келеді. Қала әкімі Бақытжан Орынбековтің айтуынша, шаһарда 2023-2025 жылдар аралығында жоспарланған үш жылдық жоспарға сәйкес 200 жаңа автобус алу, қосымша 15 бағыт ашу көзделген. 2023 жылы 73, өткен жылы 155 жаңа автобус алынып, жалпы автобус саны 228-ге жеткен. Осылайша, үш жылдық меже артығымен екі жылда орындалып отыр.