Ауған соғысының ардагері марапатталды

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 36 жылдығына арналған іс-шаралар легі бастау алды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Дәстүр бойынша бұл күндері еліміздің Қарулы Күштері бойынша ауған ардагерлеріне сый-құрмет көрсетіліп, оларды марапаттап, 36 жыл бұрын майданнан оралмағандарды еске алады.
Осы күнге орай бүгін Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек ауған елінде борыш өтеген, ардагер Сармолдаев Алтай Өтебайұлын Жамбыл облысы әкімінің өкімімен «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапаттап, ең құнды қазына кітапты сыйға тартты.
Алтай Өтебайұлы арнайы қабылдау мен, құрметке разылығын білдіріп, Қанатбек Мәдібек Қайшыбекұлына: «Егерде құрдас болғанымызда ауғанда қарулас болар едік», - деп ризашылығын білдіріп, ізгі тілегін жеткізіді.
Тарих ақтаңдақтарына терең зер салсақ, кеңес дәуірі тарихының ең қаралы беттерінің бірі – Ауған соғысы. Отан алдындағы борышын адал атқарған, әрі болашағына сенген жас ұрпақ саяси орынның құрбанына айналды. Көптеген жастарымыз жат елінде жан тапсырып, мыңдаған қандасымыз оқ пен оттың ортасынан жарақатпен оралды. Баласын, бауырын, ағасын, інісін шығарып салған отандастарымыздың да, қанды қырғынның ортасынан оралған сарбаздардың да жүрегінде Ауғанстан мәңгілік жара болып қалды.