Сәнде де мән болуы керек

Кімге болсын әдемілікке ұмтылу, тазалық пен ұқыптылыққа мән беру маңызды. Шаш үлгісінің жарасымды болуы да адамды сымбатты көрсетеді. Көптеген тапсырыс берушілерге сұлулық сыйлап жүргендердің бірі – Тараз сервис және технологиялар колледжінің «Шаштараз өнері» мамандығының өндірістік оқыту шебері Жанерке Жұмабекова. Оны аталған оқу орнында да құрметтейтіндер көп.
Жанерке Бақбергенқызы әдемілікке, сұлулыққа бала кезінен құмар болып өскен. Өзі түгіл өзге адамдардың жандүниесін білуге, түсінуге асығып тұратын болған. Сол дағдысы мен талабы бойынша Жамбыл педагогикалық институтының педагог-психолог мамандығына құжат тапсырып, жақсы үлгеріммен аяқтап шыққан. Өмірге құштарлығы басым жас маман бір ғана дипломмен шектелмей, басқа бағыттарда да жан-жақты ізденгені құптарлық іс. Сөйтіп, шаштараз өнері бойынша да білім алып, бұл бағытқа да жоғары бейімділігін байқатқан. Осы кәсіптің ыстық-суығына әбден төзді. Ол шаштараз ісін терең меңгеру арқылы қоғамға пайдалы болу өз ісіңнің шебері болу арқылы жүзеге асатынын түсінді. Ізденісін арттырып, осы саланың майталманына айналды. Қазіргі таңда оның еңбек өтілі – 24 жыл. Соңғы 14 жылдан бері аталған колледжде «Шаштараз өнері» мамандығының өндірістік оқыту шебері болып еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда облыс бойынша «Шаштараз өнері» байқауларының тұрақты сарапшысы. Жанерке «Worldskills Kazakstan» республикалық кәсіби шеберлік байқауларына студенттерді дайындап, шәкірттерімен бірге жетістіктерге жетіп жүр. Өндірістік оқытудың шебері атанған маманның талантты шәкірттері соңғы 7 жылда аталған байқауда үнемі жүлделі орыннан көрініп келеді. Жанерке Жұмабекова:
Жұмысы қаншалықты қиын болғанмен, шәкірттермен өткен әр сабақтың қызық сәттері көп екенін Жанерке Жұмабекованың қуанышқа толы жанарынан байқадық. Адал еңбектен келетін құрметке жетер ешқандай құндылық жоқ-ау, сірә!
Есет ДОСАЛЫ