Экономика

Өнімділігі жоғары зауыт

The final spritzer

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, шетелдік инвестиция тарту арқылы отандық кәсіпорын қуатын арттыруды тапсырып отыр. Президент «Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатындай жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беру қажет», деген болатын. Мемлекет басшысының инвестиция тарту бағытындағы тапсырмасына байланысты облысымызда жүзеге асырылып жатқан жобалар баршылық. Соның бірі – бірнеше жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан «Жамбылгипс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысы Андрей Промченконың айтуынша, құрғақ қоспалар мен гипс материалдарын дайындайтын зауыт мемлекеттік «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында жүзеге асырылыпты. Оның жобалық құны 1 миллиард 715 миллион теңгені құраған. Бүгінгі күні с ерікте стік озық технология мен гипс материалдарын және құрғақ қоспалар өндіретін еліміздегі жетекші компанияның бірі болып табылады. Кәсіпорын шетелдік «KNAUF», «Lafarge» және «ALCIBAY» гипс өндірушілермен ынтымақта жұмыс атқаруда. Жобаның тәуліктік қуаты 750 тонна, жылдық көлемі 260 мың тонна гипс өндіру, ал құрғақ қоспаларды дайындаудағы тәуліктік қуаты 600 тонна болса, қазіргі таңда өндіріліп жатқаны 400 тоннаға жуық.

Зауытта 140-қа жуық адам еңбек етеді. Жалақылары да жақсы. Жұмысшылар арнайы киім-кешекпен, ыстық тамақпен де қамтылған.

Ал зауыттың гипс тақтайшасын шығаратын цех өндіріс менеджері Нұржан Әбдалимовтың айтуынша, цехта 33 жұмысшы үш ауысыммен жұмыс істеуде. Тәулігіне мұнда 10 мың шаршы метрді құрайтын гипс тақтайшалар шығарылады. Оның көлемі әр алуан. Тапсырыс берушілердің қалауы бойынша оның шаршы метрі өзгеріп отырады екен.

Сондай-ақ, зауыттың құрғақ қоспалар цехында да жұмыс қайнап жатыр. Аталған цехтың өндіріс менеджері Ермек Момынов.

Зауыт жұмысшыларымен әңгімелесу барысында серіктестік тарапынан оларға барлық жағдайдың жасалып отырғанын білдік. Ыстық тамақпен, киім-кешекпен қамтылғанын айтпағанның өзінде, онда жұмысшылардың тасымалына дейін шешіліп қойылған. Бұдан бөлек, жұмысшыларын ынталандыру мақсатында тоқсан сайын жалақыларына 20 пайыз сыйақы қосып беріледі екен. Серіктестік басшысы Андрей Промченко да зауытта осындай тәртіп пен жұмысшыларды ынталандыру шараларының зауыт ашылғаннан бері қалыптасып отырғанын айтты. Сондай-ақ, Андрей Промченко алдағы уақытта гипс тақтайшаларымен қатар, бөлмелердің ішін әрлейтін гипс жапсырмаларды да шығаруды жоспарлап отырғанын жеткізді.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ