Білім

Дәнекерлеуші ару

The final spritzer

Бүгінде еңбектің қай саласына болсын қыз-келіншектер белсене араласып, істегі тиянақтылықтарын танытып жүр. Дегенмен, бүгінге дейін дәнекерлеу ісінде қыз баланы кездестіре қоймаған едік. Ауыр темірмен жұмыс істейтіндіктен бе, қоғамда бұл жұмысты ер азаматтарға тән деген пікір қалыптасқаны рас. Осы пікірді өзгертемін деп дәнекерлеу ісі мамандығын оқып, үйреніп жүрген қызды Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінен кездестірдік

Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға үлкен үлес қосып жүрген колледждің 3-курс студенті Виктория Маркова бұл мамандықты өз қалауымен таңдаған.

Жас дәнекерлеуші қыз қазір колледжде білім алумен қатар таңдаған мамандығының хас шебері болу үшін еңбектенуде. Бүгінде Виктория дуальды оқыту жүйесімен өндірістік тәжірибеден өтіп жүр. Өндіріс орнынан өтіп жүрген тәжірибе тек кәсіби шеберлігін арттыруға ғана емес, өз ісін игеріп кетуде дағдыларын қалыптастыруға да ықпал етері сөзсіз.

Виктория бізбен әңгімелесу барысында алдағы уақытқа деген жо спарларымен де бөлісті. Дәнекерлеушілікпен жетістікке жететініне сенеді. Ол дәнекерлеу ісін ауыр еңбек емес, шыдамдылық пен дәлдікті қажет ететін өнер деп біледі.

Мақсатшыл әрі жігерлі қыз білім алып жүрген Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің техникалық базасы үнемі жаңартылып, білім беру үрдісі өндірістік тәжірибемен тығыз байланыстырылып отырады. Студенттер өндірістік тәжірибеден серіктес кәсіпорындарда өтіп, кәсіби дағдыларын өндіріс орындарында шыңдайды. Білім берудің бұл әдісі білікті де тәжірибелі мамандар даярлауға үлкен септігін тигізеді.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА.