Білім

Оқушылар зауыт жұмысымен танысты

The final spritzer

Еңбек – адамды тәрбиелеудің нәтижелі құралы екені бұрыннан белгілі. Сондай-ақ, еңбекқорлық қайта оралмас қымбат уақытты пайдасыз әрекеттермен ысырап етуден де, зиянды істерге әуестенуден де қорғайды. Сондықтан, бала тәрбиесінде де еңбекпен баулу сабағының, оған қосымша еңбек адамдарының жұмыс барысымен таныстырып отырудың берері мол болмақ. Осындай ізгі мақсатты көздеп, биылғы жұмысшы мамандықтары жылында орта білім беру мекемелері де оқушыларды өндіріс орындарына саяхат жасатуды қолға алған.

Атаулы жыл аясында облыстан 40 оқушы Тараз қант зауытына арнайы экскурсияға барып, өндіріс барысын көзбен көріп, ондағы еңбектің қазанында қайнаған жандармен пікірлесті. Экскурсия барысында оқушылар қант өндірісінің әр кезеңін көріп, шикізаттың қалай өңделетінін, заманауи технологиялардың қалай қолданылатынын және зауыт қызметкерлерінің еңбегін бақылады.

Мұндай мақсатты экскурсиялар мұнымен тоқтап қалмайды. Жыл соңына дейін өңірдегі түрлі саладағы кәсіпорындарға барумен жалғаса бермек. Сол арқылы баланың бойына еңбексүйгіштік, өз еліне қызмет ету сезімдерін қалыптастыру басты назарда.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА