Кен өндіріп, ел ырысын еселеген

Мемлекет басшысы Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Жалпы, бүгінде елдің дамуы мен экономикасының өркендеуіне еңбек адамдарының қосып жүрген үлесі зор. Соның бірі – Қордай ауданындағы «Ақтас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде тер төгіп жүрген Николай Созыкин.
Оның айтуынша, серікте стік 1998 жылдан бері кен өндірумен айналысады. Түрлі қиындықтарды баст ан өткерген с ерікте стікте жұмысшы болып еңбек жолын бастаған Николай қазір кен өндіріп жатқан карьер жұмысына жетекшілік етуде. Оның мұнда жұмыс істегеніне жиырма жылдың жүзі болыпты. Карьер ұзақ жыл бойы өнеркәсіп салаларын шикізатпен қамтамасыз етіп, жоғары кәсіби мамандар даярлап, инновациялық тәсілдерді де тұрақты дамытып отыр екен.
Карьер мен жақын маңдағы учаскелердің қоры кәсіпорынның 100-200 жылға дейін тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Қазір жаңа қабат игеріліп, алдағы уақытта бірнеше жаңа учаске де өндіріске дайын тұр екен.
Сондай-ақ, мұнда экологиялық талаптар да сақталған. «Біз қалдықсыз өндіріс принципін ұстанамыз. Цемент өндірісінде әктас, алюминат, темір сияқты шикізаттың барлығы дерлік пайдаланылады», – дейді ол.
Әріптестері үшін Николай Созыкин – білікті маман ғана емес, тәжірибелі тәлімгер. Жас мамандар оның сабырлылығы мен тәжірибесін жоғары бағалайды.
Осындай жандардың арқасында «Ақтас» ЖШС өз саласында көш бастап, өңірдің дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Шолпан ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
журналист.
Қордай ауданы