Жаңалықтар

Өңір туризмінде өрлеу бар

The final spritzer

Әлемнің дамыған елдерінде туризм – экономиканың басым бағыттарының бірі ретінде саналады. Тіпті, Орталық Америка мен Африкадағы дамушы елдер де туризмді қыруар табыстың көзіне айналдырған. Елімізде де соңғы жылдары аталған бағытқа айрықша мән беріп келеді. Таяуда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы елдегі туризмді дамыту экономиканы әртараптандырудың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, ел Президенті бұл салада әрбір өңірдің даму перспективасы бар екендігіне де тоқталды.