Әлеумет

Еңбек адамы үшін игілік мол

The final spritzer

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялады. Бұл – еңбек адамы ел игілігінің негізі екенін көрсететін маңызды қадам. Осы ретте Тараз сервис және технология колледжінің жұмысшы мамандықтарында оқитын студенттер мен ерікті жастар облыстағы ірі өндіріс зауыттарына экскурсия жасады. Экскурсияны облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мен «Ауыл» партиясының облыс бойынша өңірлік филиалы бірлесе ұйымдастырды. Колледж студенттері «ALASHPROM» мен «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, өндіріс ошағының жұмысымен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.