МӘМС жүйесін жетілдіру қандай мәселелерді шешеді?

Бұл күнде қазақстандықтардың отандық медицина қызметіне көңілі толмайтыны анық байқалуда. Ал алты жыл бұрын енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруда ел күткен үдеден шыға алмауда. Бұған МӘМС-ке қатысты қарапайым халықтан түскен шағым мен қызметтің сын көтермейтіндігі нақты дәлел. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жауаптыларға әлеуметтік қолдау ісін реттеп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін реформалауды жалғастыруды тапсырды. Мемлекет басшысы өз сөзінде денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласын одан әрі дамыту қажеттігін жеткізді.