Экономика

Еліміздің курортты аймақтарында 3 әуежай салынады

Қазақстанда танымал демалыс орындары үшін жаңа әуежайлар салынады. Бұл туралы Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер кабинетінің басшысы баяндады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Бектеновтің мәлімдеуінше, авиациялық инфрақұрылымы бар ұшу-қону жолақтары Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі аймақтарында салынады. Осылайша, үш курорттық аймақтың туристік әлеуетін толық ашу жоспарлануда.

Бұдан басқа, көлік-логистикалық әлеуетті ашу мақсатында Ақтауда әуе хабын құру жобасы пысықталуда, «Мойынты – Қызылжар» теміржол желісі, сондай-ақ «Алтынкөл – Жетіген» учаскесінің екінші жолдары құрылысы басталады. Биыл «Достық – Мойынты» теміржолы мен Алматы қаласының айналма жолы құрылысы аяқталады деп күтілуде.