Жаңалықтар

Елімізде 217 «жайлы» және 200 «тірек мектеп» желісі құрылуда

Елімізде 217 «жайлы» және 200 «тірек мектеп» желісі құрылуда. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырсында мәлімдеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов білім, ғылым және денсаулық сақтау саласындағы негізгі жетістіктер мен жоспарларды атап өтті.

Мәселен, 217 жайлы және 200 тірек мектептен тұратын үүздік білім ошақтарының желісі құрылуда. Негізгі міндет – озық тәжірибені тарату арқылы еліміздің барлық жалпы білім беру мекемелерінде білім сапасын кезең-кезеңімен теңестіру.

Сондай-ақ 2025 жылы кәсіптік-техникалық білім беруде басқа оқу орындары үшін негізгі ресурстық орталықтарға айналатын 10 технологиялық көшбасшы колледж құру жоспарланып отыр. Бүгінде Қазақстанда шетелдік университеттердің 23 филиалы жұмыс істеп жатыр, биыл тағы 11 филиал ашылады.

Университет ғылымын дамыту және коммерцияландыру ісіне баса назар аударылуда. Мысалы, Сәтбаев университетінде Kazakhmys корпорациясының тапсырысы бойынша таза селен алудың жаңа тәсілі әзірленді. Ол медицина, электроника және басқа да жоғары технологиялық салаларда кеңінен қолданылуда. Назарбаев университетінің базасында тірек-қимыл жүйесі зақымданған адамдарды оңалтуға арналған экзоскелет өндірісі белсенді дамуда. Қажетті сертификаттарды алғаннан кейін өндіруші Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан тапсырыстармен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, қазақстандық ғалымдар онкологиялық ауруларды емдеуге арналған жаңа препарат жасап шығарды. Қазіргі уақытта клиникалық сынақтардың екінші кезеңі жүріп жатыр. Препарат жыл соңына дейін тіркеледі деп жоспарланған