Спорт және туризм

Болашақ чемпион

The final spritzer

Спорт – денсаулық кепілі. Жауыр болған сөз шығар, бірақ, ақиқат осы. Спортпен кәсіби деңгейде шұғылданған адам денсаулығын күтіп қана қоймай, биік белестерге көтеріліп, еліміздің атын әлемдік бәсекелерде шығаратыны сөзсіз. Атақты спортшылардың қайсыбірін алып қарасақ та, барлығы дерлік бала күнінен спортқа жақын болып, еткен еңбек пен төккен тердің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жеткен. Бүгінгі кейіпкеріміз Артур Ашылбайұлы жас болса да спортты жанына серік етіп, болашағын бокспен байланыстырған.