Алғыс арқалап, табысқа кенелген

Ел ішінде уақытпен санаспай еңбек етіп, көпке үлгі болып жүрген небір мамандық иелері аз емес. Олар қашанда құрметке лайық. Сондай азаматтың бірі – Рүстем Мейірханов. Ол Байзақ ауданының Үлгілі ауылында тұрады. Бүгінгі күні ол «Рүстем» жеке кәсіпкерлігін ашып, ауылдағы бос жүрген 3 азаматты жұмыспен қамтыған жайы бар.
Президентіміздің тапсырған «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірімізде көп жұмыс атқарылуда. Осы акция аясында аула тазалығына, саябақтар мен скверлерді көріктендіруге, көгеріштендіруге, безендіруге аса мән беріліп отыр. Мұны жете түсінген Рүстем өз ауылының таза болуын ерте бастан ойлап, үш жылдан бері ауылдан тұрмыстық қалдықтар шығарумен айналысып келеді.
Ол тұратын Үлгілі ауылындағы 17 көшеде 512 түтін болса, онда 3500-дей халық бар. Рүстем тракторшысы Бақыт Бекмағанбетов және жұмысшылары Қанат пен Руслан Жұмалиевтермен бірге аптасына ауылдағы 17 көшені бір күнде аралап, әрбір үйден шыққан тұрмыстық қалдықтарды қоқыс алаңына шығарып, халықтың алғысына бөленіп жүр.
Олардың бұл жұмысына ауыл тұрғындары разы. Ауыл тұрғыны Есімкүл Үмбетбаева
Марат ҚҰЛИБАЕВ