Әлеумет

«Ана тілден артығы, туған елден жақыны жоқ»

The final spritzer

Әрбір ұлттың басты құндылықтарының бірі – Ана тілі болғандықтан да бұл жөнінде орамды ой қалдырмаған ғұлама жоқ. Түркі ғалымы Махмұд Қашқари «Тәрбие басы – тіл» десе, адамзаттың Айтматовы «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ» дейді. Расында ұлт болып ұйысып, мемлекет болып бірлесе өмір кешіп отырғанның қадірін ұқпайтындар өз Ана тілінің қадіріне жете алмай жүр. Жанға бататыны да осы. Шекара асып, шет елде тұрса да Ана тілін ардақтап, ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, халқының құндылықтарын мақтаныш ететіндерді көргенде, қуанасың. Бірнеше жыл бұрын Жамбыл өңірінен Американың Нью Йорк қаласына қоныс аударған жас отбасы ол жақта да өз тілдерінде сөйлесіп, тіпті жергілікті халықпен де қазақша тіл табысып жүр.

Жандос Жұмағұлов пен Құралай Ерболқызы бастапқыда сондағы достарының шақыртуымен жұмысқа барған. Алғашында ағылшынша жақсы білмейтіндіктерінен өздері де сәл уайымдаған.

Шет жерде жүргендіктен, маңайындағы санаулы қазақтармен қоса қырғыз, өзбек отбасыларымен де жақын туыстай араласатын көрінеді.

Қазір Пенсильвания штатының Питтсбург каласында тұратын Жандос үлкен бір фирмада тауар тасымалдаушы, Құралай киім фабрикасында тігінші болып еңбек етіп жүргендіктен материалдық таршылық көріп отырған жоқ. Бірақ, көңілдерін күпті ететіні – туған елге деген сағыныш.

Әрине, қанша жерден алтынмен аптап, күміспен күптесе де туған елдей қайдан болсын?!

 

Қамар ҚАРАСАЕВА