Қор жеткілікті, баға қолжетімді
1 келісі – 130 теңге: «Тараз» ӘКК АҚ арқылы 80 тоннадан астам картоп арзан бағамен сатылуда.
Облыс аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша «Тараз» ӘКК АҚ, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бірлескен күш-жігерімен жүйелі негізде кешенді жұмыс жүргізілуде.
Тұрақтандыру қоры халықты қолжетімді көкөністермен қамтамасыз ете отырып, жыл бойы тауарлық интервенция жүргізеді.
Қазіргі уақытта әлеуметтік дүкендерде картоп жеткілікті мөлшерде және нарықтық бағадан төмен.
Маусымаралық кезеңде 3 050 тонна картопқа форвардтық келісімшарттар дер кезінде жасалды.
Тараз қаласының аумағындағы сауда нүктелеріне 800 тонна картопқа тауарлық интервенция жүргізу бойынша тапсырма берілді.
Тараз қаласындағы әлеуметтік дүкендерге, 64 сауда орнына барлығы 82,8 тонна картоп белгіленген бағамен килограмы 130 теңгеден жеткізілді. Оның ішінде «Тәтті Себет», «Нұрислам», «Фиркан» дүкендері бар.
Мұнда күніне әр сатушыдан 3-4 қап картоп сатып алынады.
Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Әлеуметтік азық-түлік өнімдеріне заңда белгіленген сауда үстеме сінің асып кету фактілері бойынша кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Базарларда және өзге де сауда нүктелерінде картоп 300 теңгеден жоғары саудалануда.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.