Елде әрбір алтыншы жұмысшы азамат ауызша келісіммен еңбек етуде
Әрбір үшінші еңбекке жарамды қазақстандық бейресми жұмыспен қамтылған және осылайша әлеуметтік кепілдіксіз қалып, еңбек құқықтары қорғалмай, болашақта зейнетақымен қамтамасыз етілмей түрлі тәуекелдерге тап болады. Мұндай деректерді Adam Research сарапшылары жүргізген «Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы мен жұмыспен қамту ерекшеліктері» атты зерттеу қорытындылары көрсетті.