Жаңалықтар

Маңызды екі жоба талқыланып, бекітілді

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтіп, онда Тараз қаласының құрамдас бөліктеріне атаулар беру және «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру бойынша облыстың 2024-2029 жылдарға арналған өңірлік жоспарын бекіту туралы мәселелер қаралды. Сессияны облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев ашып, жүргізіп отырды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарға, Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі тарапынан 2024 жылдың 20 желтоқсанында «Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау бойынша ұсыныстар енгізу туралы» ұсыныс түсті. Бұл ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияға жолданып, 26 желтоқсанда оң қорытынды алынған.

Сондай-ақ, ұсыныс Президент Әкімшілігімен келісілген, Мәдениет және ақпарат министрлігімен бекітілген, қоғамда қайшы пікір тудырмайтын әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау бойынша 2024 жылға арналған жол картасына енгізілген. Осыған сәйкес, сессияда хабарлама жасаған облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай депутаттар назарына «Тараз қаласының құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы» облыс әкімдігінің қаулысы мен облыстық мәслихат шешімінің бірлескен жобасын ұсынды.

Бұдан кейін облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақов «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру бойынша Жамбыл облысының 2024-2029 жылдарға арналған өңірлік жоспарын бекіту туралы» хабарлама жасады. Баршаға мәлім, елімізде өткен жылдан бастап Мемлекет басшысының бастауымен «Таза Қазақстан» ре спубликалық экологиялық акциясы іске асырылуда.

Бүгінге дейін акция аясында өткізілген сенбіліктерге жалпы 799, 4 мыңнан астам өңір тұрғындары, ардагерлер, жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен этнос өкілдері атсалысқан. Жалпы, 60 тарихи- мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 километр каналдар мен арық жүйесі, 133,8 мың аула мен 4,8 мың километр көше жолдары т азартылды. Нәтижесінде, 30146 тонна қоқыс шығарылып, 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылды. Бұл жұмыстарға барлығы 1078 техника қатысқан. Депутаттармен осындай мәліметтерді бөліскен басқарма басшысы Экология және табиғи ресурстар министрлігі әзірлеген «Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы» Үкіметтің 2024 жылғы 31 қазандағы қаулысымен бекітілгенін, аталған тұжырымдама қызметі экологиялық ойлау және мінез- құлық, оның ішінде экологиялық жауапты мінез-құлықты ынталандыру және оны көтермелеу шаралары, экологиялық білім беру, экологиялық сауаттандыру және оны ақпараттық жария ету сияқты үш бағытта жүзеге асырылатынын атап өтті.

Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде халықтың экологиялық мәдениетінің жоғарылауы, тұрғындардың қоғамдық орындарда коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымына қол жеткізуін қамтамасыз ету, қоршаған ортаның ластануына және экологиялық құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» мәдениетін қа лыпт астыру, экологиялық әдеттерді дамыту және халықтың экологиялық хабардар болу деңгейін арттыру нәтижелері күтілетін болады. Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар арнайы жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Осы орайда, Экология және табиғи ресурстар министрінің төрағалығымен өткен кеңестің хаттамасына сәйкес, аталған тұжырымдаманы негізге ала отырып, өңірлік жоспарды мәслихат шешімімен бекіту қажет. Бұл ретте, облыстың 2024- 2029 жылдарға арналған өңірлік жоспары әзірленіп, Экология және табиғи ресурстар министрлігімен келісілді. Өңірлік жоспар тұжырымдамада көрсетілген 3 бағыттан және 43 тармақтан тұрады.

Сессияда «Тараз қаласының құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы» облыс әкімдігінің қаулысымен облыстық мәслихат шешімінің бірлескен жобасы және «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2024-2029 жылдарға арналған Жамбыл облысының өңірлік жоспарын бекіту туралы» мәслихат шешімінің жобасы талқыланып, бекітілді.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП