Жаңалықтар

«Ой шебері» зияткерлік ойынына 450 жамбылдық оқушы қатысты

The final spritzer

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының қолдауымен «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған «Ой шебері» зияткерлік ойыны өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Интеллектуальды ойынға аудандар мен қала мектептерінің білім алушылары және олардың жетекшілерінен құралған 90 топ өзара бақ сынасты.

Барлығы 6 кезеңге бөлінген білім бәсекесінде Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша», «Қызыл Жебе», «Бір кем дүние», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Күләш Ахметованың өлеңдер жинағынан, тағы да басқа киелі Әулиеата өңірінің көрнекті тұлғаларының, танымал жазушы мен ақындардың шығармаларына қатысты сұрақтар қамтылды.

Зейін мен зеректік бәске түскен байқаудың қорытындысы бойынша 3 команда жеңімпаз атанды. Атап айтқанда: Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейі (Сарысу ауданы), Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы (Байзақ ауданы), Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейі (Меркі ауданы). Осылайша жүлде қоры (1,2 млн теңге) 3 командаға бөлінді.

Іс-шара барысында барлық қатысушыларға «Атамұра», «Алматы-Мектеп», «Foliant» кітап баспасы жарыққа шығарған қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының шығармалар жинағы, батырлар жыры таратылды.
Атап өту керек, «Ой шебері» зияткерлік ойыны жылдың аяғына дейін жалғасын табады. Ойынға облыстағы барлық мектеп оқушылары қатыса алады. Жылдық жүлдеқор 18,8 млн теңгені құрап отыр. Білім бәсекесі толықтай демеушілер көмегімен өткізілуде.