Қоғам

Құқықтық мемлекеттің басты қағидасы – заңға бағыну

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айының басында «Ana tili» газетіне сұхбат бергені белгілі. Президент кең көлемді сұхбат барысында еліміздің даму стратегиясындағы маңызды тұжырымдама – әділдік екенін баса айтты. Ол әділдік қай заманда да барлық елде халықтың қалауы болғанын атап өтіп, мұның Қазақстанға да қатысы бар екенін, сондай-ақ, қасіретті оқиғаға дейін бізде әділдік деңгейі төмен болғаны рас екенін жеткізді.