Аймақ

Тұрғындар қоныстойын тойлады

Шу ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 8 азамат үш бөлмелі баспанаға ие болды.

Аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстап, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін айтты.

Баспана әлеуметтік осал топтар санатына жататын отбасылар мен көпбалалы аналарға берілді.

Жеті баланың анасы Перизат Бақытжанқызы көппен бірге қуанып, қоныс тойын тойлап отыр. Көпбалалы отбасы талай жылдан бері пәтер жалдап күн кешіп келген.

Айта кетейік, Шу ауданында 1 872 азамат тұрғын үй кезегінде тұр.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.