Әлеумет

Қызмет алушыларға шеберлік сабағы өтті

Облыстық «Белсенді ұзақ өмір сүру» мекемесінде қызмет алушыларға сергек жүру әдістері бойынша шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағын ресейлік Андрей Верба атындағы «0um.ru» мектебінің жаттықтырушысы Сергей Мажутка өткізді.

Ол қызмет алушы ардагерлерге адамның қанша жасқа келсе де, сергек жүруге, ұзақ жасауға мүмкіндігі бар екенін, ол үшін тән мен жанның үйлесіміне әсер ететін жаттығуларды көп жасау керектігін ескертіп өтті. Оның айтуынша, мұндай жаттығу түрлерін жиі жасай білген кісінің денсаулығы жақсаруынан бөлек, би билеуге қанша жаста да икемі келіп тұратын көрінеді. Сондықтан, Ресей мемлекетінен арнайы келген мамандардың сабағы қызмет алушылардың көңілінен шықты. Шеберлік сабағынан кейін өзінің әсерін бөліскен қызмет алушы Баршагүл Баялиева:

Ал, жаттықтырушы Сергей Мажутка болса:

Іс-шара соңында аталған орталық директоры Олжас Ақылбаев Ресей мемлекетінен келіп, тәжірибесімен бөліскен маманға алғысын білдіріп, құрмет көрсетті.

 

Есет ДОСАЛЫ