Қаламгердің туған жерге тартуы
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің «Әулиеата – кітап оқитын өңір» атты бастамасына жуалылықтар да қолдау білдіріп келеді. Аудандық ардагерлер үйінде Қазақстанның Құрметті жазушысы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Доқтырхан Тұрлыбек жуалылықтар асыға күткен «Жуалы» тарихи-танымдық энциклопедиялық туындысының таныстырылымын жасады. Кездесуге алыс-жақын қалалардан қонақтар мен ауыл-ауылдан қариялар шақырылды. Алматы қаласындағы «Тоғанай Т» баспасынан жарық көрген кітаптың тұсауы кесілді.
Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағы ашып, жүргізіп отырды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев тарихи-танымдық кітапқа кеңінен тоқталып, туындының жас ұрпаққа берер тағылымын сөз етті. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, белгілі суретші Нұрлан Шилібаев кітаптың дизайны мен мазмұнына жоғары баға берді.
Осыдан кейін сөз алған Доқтырхан Тұрлыбек:
Сондай-ақ, ол осы тарихи- танымдық кітаптың жарыққа шығуына көмекте скен барша жерлестеріне ризашылығын білдіріп, игі істің басы-қасында жүрген Сейітхан Шерелханұлына құрмет көрсетті.
Ақпарат с аласының үздігі Ақылжан Мамыт әріптесі Доқтырхан Тұрлыбекке денсаулығы сыр беріп жүрсе де осындай жас ұрпаққа мұра боларлықтай құнды, ғажап дүниені зор еңбекпен жинақтап, құрастырып кітап етіп дайындап шығарғаны үшін алғыс білдірді. Авторға игі тілек білдірушілердің қатары көп болды. Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Асхат Базарбайұлы сөз сөйлеп, Доқтырхан Тұрлыбекті аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.
Перизат ШЫМЫРТАЙҚЫЗЫ,
журналист.
Жуалы ауданы