Тазалық жұмыстары жалғасып келеді
«Таза Қазақстан» акциясы жалпы халықтық сипат алып, көпшілік тарапынан қолдау тапқаны белгілі. Бұл жұмыстар Тараз қаласында да жоспарға сәйкес үздіксіз апта сайын атқарылып келеді.
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бағлан Әбілдаеваның айтуынша, шаһар аумағында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» акциясына 156 мыңға жуық қала тұрғыны қатысқан. Оның 3722-і еңбек ардагерлері болса, 4122-і үкіметтік емес ұйым мүшелері, 3122-і жеке кәсіпкерлер, қалғандары қала тұрғындары.
Бұдан бөлек, «Жасыл ел- Тараз» мекемесі мен қалалық волонтерлар с анит арлық- тазалық жұмыстарын «Мамыр» тоғайында жүргізген. Қала бойынша ұйымдастырылған сенбілікке 2 жүк көлігі мен 3 трактор жұмылдырылған. Тал бұталары мен жиналған күл- қоқыс техникаларға тиеліп, арнайы орынға шығарылған. Ал, «Сенкібай» каналының бойында ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына 200-ге жуық қала тұрғыны атсалысып, 2,5 тонна қоқыс шығарылып, 80 метр каналдың бойы тазаланған. Бұл жұмыстар бүгінгі күні де өз жалғасын табуда.
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Қала тазалығы қашанда назарда. «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің жұмысшылары қоғамдық орындар мен аялдама, саябақтар айналасын қоқыстан арылтып, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, көпқабатты үй аумағындағы және негізгі жол бойындағы талдарды әктеу жұмыстарын да талапқа сай атқаруда.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Тараз қаласы