Хабарландыру

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, жиырма бірінші сессиясы 2025 жылдың 17 қаңтар күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) сағат 11:00- де келесі күн тәртібімен өтеді:

1. Тараз қаласының құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы.

2. «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2024–2029 жылдарға арналған Жамбыл облысының Өңірлік жоспарын бекіту туралы.

* * *

Депутаттарды тіркеу 2025 жылдың 17 қаңтар күні сағат 10:30-да басталады.

* * *

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) 2025 жылдың 17 қаңтарда сағат 10:00 өтеді.

Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, жиырма бірінші сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.

 

Абдалы НҰРАЛИЕВ,

облыстық мәслихаттың төрағасы.