Таразда ҚАЖ қызметкерлері үшін психологиялық тренинг ұйымдастырылды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері үшін психологиялық тренинг ұйымдастырылды.
Бұл күні өңірлік департаменттің жеке құрам бойынша психологы Анна Дмитриенко әріптестеріне топ құрамында әрекет етуді үйрету мақсатында сурет салу мен түрлі ойындардан құралған тапсырма берді.
Шын мәнінде, психологиялық тренингтегі әрбір жаттығу – ҚАЖ қызметкерлерінен мұқият ойлау мен кез келген іс-қимылдың үйлесімділігін талап етті. Бастысы, тренингтің әрбір кезеңі қатысушылар үшін жаңа әрі бейтаныс болып шықты.
Тренинг соңында қатысушыларға Анна Дмитриенко ҚАЖ қызметкерлеріне қиындығы мол жауапты қызметтерінде жауапкершілік пен шыдамдылық аса қажет екенін жеткізіп, оларға мұндай шаралардың берері мол екенін атап өтті.