Хабарландыру

Зерттеу жұмыстары қарқынды

The final spritzer

Бүгінгі таңда 751 жылы әйгілі Атлах шайқасы болған Бесағаш елді мекенінде тарихи-зерттеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұл туралы кеңінен өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» мекемесінің директоры Сауран Қалиев баяндап берді.

Жалпы, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың ел тарихы үшін маңызы зор. Бүгінде өңір аумағындағы ауқымды тарихи оқиғалар болған нүктелерге археологиялық жұмыстар жүргізу, тереңінен жіті зерттеу сынды жұмыстар қолға алынып, өңір ғалымдары осы кезеңге дейін белгісіз болып келген тың деректерге қол жеткізуде. Мекеме басшысының айтуынша, «Бесағаш» VI-XII ғасырлардағы елді мекенін зерттеу Ұлы Жібек жолындағы мәдениет пен өркениеттің өзара іс-қимылын зерттеу мәселелерінде маңызды мәнге ие.

Осы аймақта болған тарихи процестерді және олардың шектес аумақтарымен байланысты неғұрлым толық зерделеу үшін ірі ауқымды археологиялық зерттеулерге дейін кең көлемдегі археологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Брифинг барысында мекеме басшысы аталған тарихи-зерттеу жұмыстарына байланысты журналистер сауалына жауап берді.

 

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ