Аймақ

Еңбек адамдарына құрмет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы – еңбек адамдарына деген құрмет.

Бұл бастамаға қызу қолдау білдірген аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков Қаратау қаласындағы «Игілік» көпсалалы кәсіпорнының автокран жүргізушісі Рысқали Майсуповты, сонымен қатар осы кәсіпорынның көлікті жабдықтау цехының жүргізушісі Нұрсейіт Устемировты шаңырақтарына барып, арнайы құттықтады. Бұл азаматтар қырық жылдан аса жұмыс өтілі бар өз ісінің мамандары. Аудан басшысы еңбек адамы Бейсен Күзембаевты да шаңырағына барып құттықтады. Ол Қаратау қалалық әкімдігіне қарасты қоғамдық жұмысшылардың аға қараушысы қызметін атқарып, қаламыздың тазалығын қамтамасыз етіп келеді.

 

Талас ауданы

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Ерназар ауылындағы қарапайым жұмысшы Шәріп Исаевтың шаңырағына барып, атаулы жылдың басталуымен арнайы құттықтады. Отыз жылдан астам темір тұлпарды тізгіндеп жүрген Шәріп Амангелдіұлы бүгінде «Аса- су» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің көлік жүргізушісі. Төрт ұл-қыздан немере сүйіп, отбасы қызығына да бөленіп отыр.

Аудан басшысы еңбек адамына қоғамға қосып жатқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, сый-сияпатын табыстады.

 

Жамбыл ауданы

Аудан әкімі Ербол Жиенқұлов еңбек майталмандары Айдар Таиров пен Ұлбосын Сембиеваны арнайы құттықтап, құрмет көрсетті.

Ұлбосын Сембиева – Ақтоған ауылының тұрғыны, тыл ардагері, 96 жастағы аяулы әже. Ғасырға жуық ғұмырын еңбекке арнаған Ұлбосын әже Ұлы Отан соғысы жылдары ел еңсесін тіктеу жолында қажырлы еңбек етті. Үш ұлынан тараған 32 немере мен 3 шөберенің сүйікті әжесі атанып отырған ол – отбасының мақтанышы. Апамыздың өнегелі өмір жолы бүгінгі ұрпақ үшін үлгі болары сөзсіз.

Аудан әкімі ардагерді мерекемен құттықтап, әр күнін еңбекпен өрнектеген азаматтарға қоғамның құрметі қашанда жоғары екенін айтты.

Айдар Таиров – Сыпатай ауылының еңбекқор тұрғыны, «Сейфулла» шаруа қожалығының жетекшісі. 71 жастағы Айдар ақсақал бар өмірін еңбекке арнаған жан. Қант қызылшасын өсіруден бастап, бордақылау шаруашылығына дейін дөңгелетіп отырған оның 4 ұл мен бір қызынан 20 немере мен 5 шөбересі бар. Аудан басшысы Айдар ақсақалға да құрмет көрсетті.

 

Меркі ауданы

Аудан әкімі Жалғас Мұртаза аудан орталығында тұратын бірқатар еңбек адамының шаңырағына арнайы барып, құттықтады.

Ол үлгілі теміржолшы Талғат Саурықбаевтың шаңырағында болып, отыз жылдан бері табан аудармастан теміржол саласында еңбек етіп келе жатқан сыйлы азаматқа оған сый- құрмет көрсетті.

Үлгілі азамат Т.Саурықбаев бүгінде «Боранды» теміржол бекетінде учаске бастығы болып еңбек етуде. Отбасында жұбайы Эльмира Саурықбаева екеуі төрт перзент тәрбиелеп, олардан төрт немере сүйіп отыр.

Аудан әкімі Жалғас Мұртаза келесі кезекте еңбек адамы Аят Кәдірқұловқа сый- құрмет көрсетті. Аят Сейділдаұлы 1992 жылдан бері аудандық электр желілерін тарату мекемесінде аға маман болып еңбек етуде. Қазір жедел кезекші тобының жауапты маманы. Үлгілі маманға да аудан басшысы ізгі тілек білдіріп, сый-құрмет көрсетті.

 

Жуалы ауданы

 

Аудан әкімі Ернар Есіркепов Луговой ауылындағы еңбекқор азаматтардың шаңырақтарына барып, мерекелерімен құттықтады. Теміржол саласында 41 жыл бойы еңбек етіп, бүгінде вагондарға техникалық қызмет көрсету қосынында вагон шебері болып жүрген Сәкен Көкжаловқа көрсетілген құрмет лайықты. Сәкен Тасыбайұлының ата-анасы да Түрксіб теміржолының өркендеуіне сүбелі үлес қосқан ардагерлер. Бұл отбасының 100 жылға жуық теміржол саласындағы дәстүрін бүгінде оның екі ұлы жалғастыруда.

Сондай-ақ, аудан басшысы су желісінің үздіксіз әрі сапалы қызмет көрсетуіне өзіндік үлес қосып, 2015 жылдан бері «Таза Су-2014» ШЖҚ КМК-да дәнекерлеуші болып жұмыс істеп келе жатқан Бақыт Үсеновтің шаңырағында болды. Бүгінде екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған Бақыт Үсенов ел арасында сыйлы, қызметіне адал, үлгілі еңбек адамы ретінде танылған.

 

Т.Рысқұлов ауданы

 

Есет ДОСАЛЫ.