Экономика

Таза ауыз сумен қамту 98 пайызға жуықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында 2025 жылдың соңына дейін қала және ауылдық елді мекендерді толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз етуді аяқтауды тапсырды. Президент тапсырмасын орындау бағытында облыста тиісті жұмыстар қолға алынған. Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ғалым Исақовтың айтуынша, өңірдегі елді мекендерді толық таза ауыз сумен қамтудың жол картасы әзірленіп, 2025 жылы ауыл және қала тұрғындарын таза ауыз сумен қамту көзделіп отыр.