Жаңа жыл Қазақ еліне құт әкелсін!
Гүлдара НҰРЫМОВА, Парламент Мәжілісінің депутаты
Әрбір жүректерде үміт, көңілдерде болашаққа деген сенім сәулесін жаққан жылан жылы құт-берекесімен келсін!
Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын! Ырысы тасыған ел болуымыз үшін ынтымағымыз бекем болуы керек. Сондықтан береке-бірлікте игі бастама, игілікті істерді сәтті атқаруға жазсын!
Мемлекетіміздің әрбір шаңырағында шаттық артып, қуаныш ортаймасын!
Бүгінде мемлекеттік қызмет жолында, заң саласының дамуына өз үлесімді қосу мақсатында елордада жүрмін. Алайда, туып-өскен Жамбыл жері қашанда жүрегімнің төрінде. Сондықтан, Мәжіліс мінберінде өз өңіріме қатысты өткір мәселелерді көтеріп, әртүрлі әлеуметтік проблемаларды депутаттық сауалдарыма арқау етіп келемін.
2 заң жобасына жетекшілік етіп, 20-ға жуық депутаттық сауал жолдадым. Келер жылы да көптеген мәселені талқыға салатын боламын.
Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, отбасыларыңызға жылулық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін!