Аймақ

Қордай ауданында полиция бөлімінің жаңа ғимараты ашылды

Қордай ауданының орталығы Қордай ауылында полиция бөлімінің жаңа ғимараты тәртіп сақшыларының қолданысына берілді.

Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Аманбеков, аудан әкімі Бегзат Болатбеков, аудандық полиция бөлімінің бастығы Уәлихан Ағыбаев, құқық қорғау с а ласының қызметкерлері және ардагерлері, аудан тұрғындары қатысты.

Заманауи ғимарат құқық қорғау саласының тиімділігін арттыру мақсатында бой көтеріп отыр.

Бұдан соң полиция департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрдалы Шералин сөз алып, әріптестерін халыққа адал қызмет етуге шақырды.

Іс-шарада қордайлық полицейлерге 5 қызметтік автокөліктің кілті салтанатты түрде табысталды.

Бұл күні Қордай ауданына қарасты Сортөбе ауылында да полиция бөлімі ашылды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.