Экологиялық акциясы жалғасып келеді
800 мыңнан астам облыс тұрғындары қатысқан экологиялық акция дәстүрлі түрде жалғасын табуда.
Облыс орталығы Тараз қаласында экологиялық акция шеңберінде «Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты жастар арасында дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде ұйымдастырылған іс-шара барысында жастарға экологиялық акцияның мақсаты түсіндіріліп, қоршаған орта тазалығының маңыздылығы насихатталды.
Акция аясында аталған бағыттағы шаралар облыстың барлық аудандарында өткізілді.
Жамбыл ауданында жастармен алдын алу профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылса, Жуалы ауданында «Таза Қазақстан – таза әлем» атты, Қордай және Талас аудандарында «Таза Қазақстан» тақырыбында жастармен кездесу өтті.
Мойынқұм ауданының жастарымен «Таза Қазақстан» челленджі бастау алса, Т.Рысқұлов және Шу ауданының белсенді жастары студенттермен кездесу ұйымдастырды.
Бүгінгі күнге акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 137,5 мың аулалар мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылды. 30 146 тонна қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылды.
Бұл жұмыстарға жалпы 1104 бірлік техника қатысты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.