Спорт саласының үздіктері марапатталды
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев халықаралық және республикалық жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен әулиеаталық спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттады. Кездесу барысында аймақ басшысы өңірдегі спортты дамыту мәселелеріне кеңінен тоқталып, саңлақтарымыз қол жеткізген жетістіктерді саралады. Өз сөзінде биыл облыс аумағында 111 спорт нысаны ел игілігіне беріліп, жүйелі түрде спортпен шұғылданатын азаматтар қатары 41,2 пайызға артқанын жеткізді.