Батыр аналарға биік құрмет
Отбасының бақыты – сәбилердің сыңғырлаған күлкісімен, бал тілді бүлдіршіндермен еселенеді. Бала – ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын болашақ иесі. Сондықтан да елімізде көпбалалы аналарға көрсетілер құрмет жоғары. Мереке қарсаңында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков 6 анаға Алтын алқа, 24 анаға күміс алқа тағып, марапаттады.
Ел бақытын еселеген әулеттердің кеңеюімен бүгінде Тараз халқының саны 430 мыңға жетті. Осыған орай шаһарымыз да кеңейіп, қос ауданға бөлінді.
Жаны нәзік, жолы жіңішке болса да дүниеге ұрпақ әкеліп, шаңырағының ынтымағын ұйытып отырған аналар қандай құрметке де лайық. Себебі барлық адам жарық дүниеге алғаш көзін ашқанда ананың ақ жүзін көріп, өмірді таниды, ананың ақ сүтімен бойына ізгі қасиеттерді сіңіреді, ананың әлдиімен санасын қалыптастырып, тіпті тілі де «Ана» деген асыл сөзбен шығады.
Алтыннан алқа тағынып, құшағы гүлге, көңілі қуанышқа толған аналар құрмет көрс еткен елге, марапатт аған Мемлекет басшысына, жергілікті билікке ризалық лебіздерін жеткізді.
Қамар ҚАРАСАЕВА