Аймақта әк шығаратын зауыттың құрылысы жүргізілуде
«Тараз» индустриалды аймағында 14 резидент тіркелген, олар жалпы құны 137 миллиард теңгені құрайтын 15 жобаны іске асыруда. Аталған жобалар аясында 1 326 жұмыс орнын құру жоспарланған. Үш жоба Өзбекстан, Түркия және Қытайдан келген шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылуда.
«KazGeoEnergy» ЖШС әк өндіру жобасын қолға алды. Қазір геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттың құрылыс- монтаждау жұмыстары аяқталды. Пешті орнату бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Қытайдан 464 миллион теңгеге сөндірілмеген әк шығаруға арналған жабдыққа тапсырыс беріліп, жеткізілді. Қазіргі уақытта жақтаудың құрылысы жүргізілуде.
Жалпы инфрақұрылымның құрылысы аяқталғанша құрылыс алаңы уақытша электр беру желілерімен қамтамасыз етілді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.