Әлеумет

Аға буынның айтары көп

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жылдағы дәстүр бойынша әулиеаталық ардагерлермен кездесті. Жаңа жыл қарсаңында өткен іс-шараға саналы ғұмырын облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына арнаған алдыңғы буын өкілдері қатысты. Басқосу барысында Ербол Шырақпайұлы ең әуелі өңірді өркендету бағытында Мемлекет басшысының жүктеген тапсырмалары жөнінде ой өрбітіп, алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін межеленіп отырған жоспарларға тоқталды. Аймақ басшысы өз сөзінде жалынды жастардың бойына кез-келген қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруда ардагерлердің рөлі айрықша екенін атап өтті.