Әдебиет әлеміндегі әңгіме

Әулиеата жерінің ұлт тарихында ғана емес, халықтың руханияты мен әдебиетінде де айшықты қолтаңбасы қалыптасқан. Арғысы Қарахан дәуірінің әдебиетінен басталып, бергісі Жамбыл жырларымен жалғасқан аралықта әулиелі топырақта талай туындылар жарыққа шықты. Ақын атын иеленген өңірде бұл үрдіс күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Бұған жыл басынан бері жергілікті қаламгерлерге қолдаудың көрсетілгені анық дәлел бола алады. Осы мақсатта облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жылдағы дәстүр бойынша жергілікті Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелерімен кездесті.
Жиында биылғы жылдың еліміз үшін сындарлы әрі елеулі оқиғаларға, тарихи шешімдерге толы болғандығын атап өткен аймақ басшысы түрлі бағытта жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілгенін, әсіресе, мәдениет пен спорт, әдебиет пен өнер саласында көптеген жетістіктер болғандығына тоқталды.
Өз кезегінде зиялы қауым өкілдері өңір руханиятына жаңа серпіліс алып келетін ұтымды ұсыныстарын алға тартты. Мәселен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы Пернебай Дүйсенбин өңірде зиялы қауым өкілдерін қолдауға бағытталған игі бастамаларға ризашылығын білдіріп, жазушылар мен ақындар мұрасын өскелең ұрпаққа дәріптеу бағытындағы ұсынысын жеткізді.
Еске сала кетсек, былтыр өңірде облыс әкімінің қолдауымен Алматы қаласындағы «Абай» баспасынан жергілікті 24 автордың кітаптары басылып шыққан болатын. Нәтижесінде, Пернебай Дүйсенбин, Елен Әлімжан, Қайырбек Асанов, Күләш Ахметова, Шырын Мамасерікова, Жеткерген Әбдірейұлы, Жапар Сатылғанов, Баймаханбет Ахмет, Көсемәлі Сәттібайұлы, Қасқырбай Нарбатыр, Жанатбек Тұрғымбаев, Ғайни Әлімбекқызы, Үміт Битенова, Бақытжан Советұлы, Марат Құлибаев, Есет Досалы, Людмила Мельник, Лариса Губашева сияқты аға буынмен қатар, Нұржан Әліш, Қуаныш Ауғанбаев, Жұлдыз Бейсек, Табиғат Абаилдаев, Данияр Әлімқұл, Нұржан Қадірәлі сынды жастардың да түрлі жанрдағы кіт апт ары әрқайсысы мың данамен жарық көрді. Ал, биыл мерейтой қарсаңында елімізге белгілі бірқатар қаламгерлер мен қайраткерлердің мол мұрасы насихатталып, кең көлемде дәріптелді. Атап айтқанда, биыл облыста қазақтың біртуар ұлы Балуан Шолақтың 160 жылдығы, сатирик ақын Шона Смаханұлының 100 жылдығы, мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығы, мемлекет қайраткері Қаратай Тұрысовтың 90 жылдығы, жазушы-журналист Мақұлбек Рысдәулеттің 75 жылдығы, сонымен бірге, жазушы-сықақшы Доқтырхан Тұрлыбектің 75 жас, сатирик Толымбек Әлімбекұлының, жазушы-журналист Талғат Айтбайдың 70 жас, Үміт Битенованың 60 жас мерейтойлары аталып өтілді.
Келелі ке зде суде зиялы қауым өкілдері қоғамдық-саяси мәселелерге де назар аударды. Бұл тұрғыда Жамбыл облысының Құрметті азаматы, жазушы- драматург Елен Әлімжан жуырда ғана екі әкімшілік ауданға бөлінген Тараз қаласының ескі «Әулиеата» кезеңін тарихи тұрғыда қайта қарау керектігін атап өтті.
Расында, шаһар аумағында аталған нысандардан бөлек, Әулиеата және Алашорда дәуіріне тән Қоқан хандығынан қалған көше атаулары, Атшабар базары мен ұлт-азаттық қозғалыстың құрбандары атылған Қарасу қорымы секілді тарихи аймақтар орналасқан. Мұнымен қоса, жиында ардагер журналист, жазушы, аудармашы Бекет Момынқұл келер жылы даңқты батыр Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай халықаралық айтыс ұйымдастыруды ұсынып, посткеңестік елдерге кеңінен танымал жерлесімізге лайықты құрмет көрс ету қажеттіген жеткізді. Сонымен бірге кеш барысында сөз алған ақындар Үміт Битенова мен Ғайни Әлімбекқызы аймақтағы ақын- жазушылардың шығармашылық кештерін ұйымдастыру қажеттігін де атап өтті.
Жиын соңында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің қоғамдық- саяси өміріндегі өзгерістер тұрғысында ой-пікірлерді ортаға салып, маңызды мәселелерді талқыға салған қаламгерлерге келер жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Конституцияның 30 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы секілді республикалық маңызы бар іс-шаралармен қатар аймақта жазушы-драматург Елен Әлімжан, ақындар Қайырбек Асанов пен Шырын Мамасерікованың 80 жас мерейтойларын атап өту жоспарланып отырғандығын жеткізді. Сондай-ақ, аймақ басшысы дөңгелек үстел ұйымдастырылған Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында ақын- жазушыларға арналған арнайы «Ашық кабинет» жасақталатынын айтты. Мұнда қаламгерлердің шығармашылықпен еркін түрде айналысуына жағдай жасалмақ.
Нұрболат АМАНБЕК