Жаңалықтар

Жоғары технологиялар отандық тауар өндірушілердің орнықтылығын анықтауға көмектеседі

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру кезінде деректерді цифрлық тексеру құралын енгізуге ниетті. Кәсіпорынның тұрақтылығын бағалау аясында аталған тетік машиналық оқыту технологияларын қолдана отырып, ОТӨ ақпаратын талдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Ол өтініш беруші мен мемлекеттік ақпараттық жүйелер ұсынған деректердің үлкен көлемін зерттей алады. Бұл әртүрлі шарттар бойынша мәліметтер, теңгерімдік тізімдеме, өндірістік және технологиялық операциялардың егжей-тегжейлері, лицензиялардың, сертификаттардың болуы және басқалары.