Жаңалықтар

Жамбыл облысында «Тараз» индустриялық аймағының аумағында 15 жобаны іске асыру жоспарлануда

«Тараз» индустриялық аймағының аумағында 1 300 жұмыс орны құрылатын 137 млрд.теңгеге 15 жобаны іске асыру жоспарлануда,деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Облыс аудандарында «Меркі», «Құлан»,«Сарысу-1» және «Сарысу-2»субаймақтарын 180 гектарға құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл субаймақтарда әрбір аудан ерекшелігіне байланысты орта және шағын кәсіпорындар ұйымдастырыллаын болады.

Анықтама: Мемлекеттік актілер бар. ИКИ техникалық шарттар алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

- «Меркі» субаймағы (25 га) - сауда-логистикалық хаб, жеміс-жидек өңдеу кешені, макарон өнімдері мен жиһаз өндірісі бойынша инвестициялық жобалар;

- «Құлан» субаймағы (94 га) - сүт өнімдерін, макарон өнімдерін өндіретін цех;

- «Сарысу-1» (38 га) - тазартылған тұз өндірісі, хлор-сілтілі зауыт, кальций хлоридін өңдеу зауыты, әк өндіру зауыты, шыны өндіру зауыты;

- «Сарысу-2» (21,5 га) - алтын, күміс, мырыш, темір және т. б. түсті металдарды байытуға арналған серобетон, литий сульфиді және полисульфид, колоидты күкірт, флотореагенттер өндірісі.