Әлеумет

Сала мамандарына құрмет

Энергетика саласы – адам өміріне ауадай қажет мамандық. Ұдайы тиянақтылық пен ұқыптылықты қатаң қағидаға айналдырған энергетиктер қателікке жол бермеуді басты назарда ұстайды. Шындығында, адам өміріне қауіп төндіретін салада жұмыс істеу асқан жауапкершілікті, тиянақтылықты талап етеді. Қапелімде орын алған қателік орны толмас шығынға ұшыратады. Көзге көрінбейтін, иісі шықпайтын, өздігінен ұстап көре алмайтын токтың қуаттылығы жоғарылаған сайын адамға да қауіптілік еселенеді. Әр істі елеп-екшеп, мұқият жоспарлап, сақтықты назарда ұстау – кәсіби маманның міндеті. Міне, осы талаптан шығып жүрген сала мамандарын облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек арнайы қабылдап, энергетиктер күні қарсаңында марапаттады.