Тексеріс қорытындылары қаралды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында бюджет қаржысын үнеммен пайдалану керектігін тапсырған болатын. Президент тапсырған мәселе Amanat партиясы, аудит пен тексеру комиссиялары тарапынан бақылауға алынған. Облыс бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда екі мәселе қаралды. Жиынды тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Бағлан Дүрімбетов ашып, жүргізді.