Шалғай ауылда Мәдениет үйі пайдалануға берілді
Қордай ауданы Қарасай ауылында 180 орындық Мәдениет үйі халық игілігіне берілді.
Әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Бегзат Болатбеков, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.
Мәдениет үйінің құрылысы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізілді. Ғимаратта акт залы, кітапхана, ІТ-кабинет бар, сондай-ақ вокал, би, қолөнер үйірмелерін өткізу үшін бөлмелер қарастырылған.
Бұдан соң, жаңа нысанның лентасы қиылды. Жиналған қауым нысанды аралап, өнерпаздардың концерттік бағдарламасын тамашалады.
Еске сала кетейік, Жамбыл облысында бүгінге дейін бес Мәдениет үйі мен бір мұражай пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы екі нысан ел игілігіне тапсырылады.
Ағымдағы жылы 17 Мәдениет нысаны жөндеуден өтті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.