Жаңалықтар

Тұрғындар мәселесі – тұрақты назарда

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев кезекті мәрте азаматтарды қабылдады.

Бұл жолы қабылдауға 10 азамат келді. Олар тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік көмек көрсету, аула спортын дамыту, аулаларды абаттандыру мен жол салу, жаңа білім беру орталықтарын ашу бойынша мәселе көтерді.

Ербол Қарашөкеев барлық өтініш-тілекке заң талаптарына сәйкес толыққанды жауап берді. Тұрғындардың кейбір өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі зерделеп, назарға алатынына сенім білдірді.

Қабылдауға Тараз қаласы мен аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысып, келіп түскен өтініштерге түсініктеме берді.

Облыс әкімі тұрғындардың мәселелерін шешу үшін жауаптылардың алдына нақты міндеттер қойды.

Еске сала кетейік, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау алдын ала жазылу арқылы тұрақты негізде жүргізіледі.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі