Жаңалықтар

Аймақ дамуын көздейтін шешімдер қабылданды

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен өткен сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың жиырмасыншы сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен стратегиялық жоспарларын қамтыған бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Кезекті сессияны облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев ашып, жүргізіп отырды.

Әуелі облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылған және шығып қалған депутаттардың орнына өткізілген сайлау қорытындылары туралы хабарлама жасады. Бұдан соң облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиевтің мәслихаттың жыл бойы атқарған жұмыстары туралы баяндап, алдағы жылдың жоспарларымен бөліскен есебі тыңдалды. Жалпы, 2024 жылы облыстық мәслихаттың 9 сессиясы өтсе, оның 5-уі кезектен тыс болды.

Сессиялардың күн тәртібінде негізінен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды мәселелері, атап айтқанда, облыста ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлері мен бұқаралық дене шынықтыру, әуесқой және кәсіпқой спортты дамыту, спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мен бөлінген қаржыны тиімді пайдалану бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік сала ұйымдарында тамақтану стандарттары талаптарының сақталуы және бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы, жергілікті автомобиль жолдары мен қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалын ұйымдастырудың жайы және оларды жақсарту шаралары туралы мәселелер қаралды.Сонымен бірге, мәслихаттың кезекті кеңейтілген сессиясында, өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау барысы туралы облыс әкімнің есебі тыңдалды. Өткен кезеңде депутаттар сессияларда барлығы 14 мәселе қарап, 100-ден аса шешім қабылдаған.

Сессияда 2025-2027 жылдарға арна лған облыстық бюджет жобасы талқыланды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева өңірдің қаржылық басымдықтарын атап өтті. Мәселен, сала басшысының айтуынша, 2025 жылға арналған облыстық бюджет кірістері 651,1 миллиард теңге сомасында жоспарланды, бұл 2024 жылғы нақтыланған сомадан 46, 4 миллиард теңгеге артық. Оның ішінде, нысаналы трансферттер 82,2 миллиард, субвенция сомасы 465,9 миллиард теңгені құрап, мемлекеттік кірістер департаменті мен қаржы басқармасының болжамына сәйкес, өзіндік кірістер бойынша жоспар 103 миллиард теңге сомасында жоспарланып отыр.

Жиында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының жүзеге асу барысы қарастырылды. Биыл өңірде ауыл шаруашылығында бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен агроөнеркәсіп кешені жүйесін тиімді жүргізу бойынша ілгерінді жұмыстар атқарылған. Мәселен, облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 33 миллиард теңге бөлініп, бүгінгі күні 15 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, қаржы институттары мен микроқаржы ұйымдары арқылы 1094 агроқұрылымға 16,1 миллиард теңге несие берілді. Нәтижесінде жыл басынан бері салада 425,4 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 20 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды. Бұл саладағы жұмыстар туралы облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек баяндама жасады.

Сонымен қат ар, с е ссияда 2025 жылға арналған облыстық мәслихаттың жұмыс жоспары бекітілді. Тараз қаласындағы қауіпсіздікті арттыру және жол қозғалысын т алдау жүйе сін енгізу жобасына өзгерістер енгізу мәселесі талқыланып, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов өз ұсыныстарын ұсынды. Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасының өңірлік жоспары бекітіліп, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақов экологияны жақсарту бағытында атқарылатын жұмыстарды таныстырды. Сессияда аңшылық алқаптарды бекіту жөніндегі комиссия шешіміне өзгерістер енгізу және облыста амбулаториялық емделу кезінде жекелеген санаттағы азаматтарға тегін немесе жеңілдікті медициналық көмек көрсету, оның ішінде дәрілік заттар, емдік өнімдер мен медициналық бұйымдар беру мәселелері де қаралды.

Сессияда облыстық мәслихаттың депутаттары Бегалы Ералиев, Алтай Райқұлов, Оралхан Дәуітов, Керімқұл Бегалиев, Дамир Ташқараев сөйлеп, шекарадағы ветеринарлық пункттердің қазіргі жай-күйі, облыс орталығындағы қаңғыбас иттердің тұрғындарға, әсіресе мектеп оқушыларына төндірер қаупі, өңірдегі мал басы санына байланысты ауыл шаруашылығы мен ветеринария басқармалары мәліметтеріндегі а лшақтықт ардың жойылмай отырғаны, қараусыз қалған алма бақтар, Мойынқұм ауданындағы Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақтың жөндеусіз жатқаны, осы ауданның Айдарлы ауылындағы спорт кешенінің құрылысы созылып кеткені сияқты мәс елелерді көтеріп, халық қалаулыларының сауалдарына қала, аудан әкімдері мен тиісті сала басшылары жауап берді.

Жалпы, жылдың соңғы сессиясы облыстың дамуында маңызды рөл атқаратын шешімдер қабылданған алаңға айналды. Қаралған мәселелердің әрқайсысы өңірдің экономикалық өсуін, әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуды және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді көздейді. Сессия барысында халықтың мүддесін қорғау, бюджетті тиімді жоспарлау, экологиялық мәселелерді шешу, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, сондай-ақ қауіпсіздік пен инфрақұрылымды жақсарту бағыттарында нақты қадамдар жасалды.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП