Байзақ ауданының әкімі тағайындалды
Президент Әкімшілігінің және Байзақ аудандық мәслихатының келісімі, Жамбыл облысы әкімінің өкімі бойынша Олжас Елебекұлы Баққараев Байзақ ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Олжас Елебекұлы 1985 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университетін, Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университетін «электроника және микроэлектроника», «экономика» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы «ARMTEL» ЖШС-нің атқарушы директоры болып бастаған.
Әр жылдары «NULITS» мемлекеттік мекемесінде даму қызметінің басшысы, «Тараз Инвест Консалт» ЖШС-нің сарапшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының бас маманы, облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің басшысы, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2023 жылдың мамырынан бастап бүгінге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып еңбек етіп келді.